«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«Жүзден жүйрік» ұлттық ойындар спорттық сайысы

22.11.2022

 

Бастауыш сынып онкүндігінің аясында 18 қараша күні Макинск мектеп-лицейінің базасында «Жүзден жүйрік» ұлттық ойындар спорттық  сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты - оқушылардың ұлттық ойындар арқылы қызығушылығын, спорттық шеберліктерін,мүмкіндіктерін арттыру; спортқа құмар, дарынды балаларды анықтау.Оқушылар арасында достық қарым-қатынасты орнату.

            Сайыста қала мектептерінің 3-4 сынып ұл-қыздары жарысты. Шарт бойынша әр команда топтың атын, ұранын,ерекшеленетін киім үлгісін дайындау болды. Оқушылар шапшандылығын,күштерін және ұйымшылдығын сайыс барысында көрсете білді.Қазылар алқасының қорытындысы бойынша 1 орынды және «Үздік киім үлгісі»номинациясын Макинск №1 жалпы білім беретін мектебінің «Олимпийцы» командасы жеңіп алды. 2орынға  «Жалын»   атты Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі  мен №2 жалпы білім беретін мектебінің «Алтын сақа» командалары ие болды. 3 орын- мектеп-гимназияның «Барыс» және «Жас қыран» мектеп-лицейінің командалары иеленді.

Просмотров: 206


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст