«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«Бастауыш-білім бастауы»

25.11.2022

«Бастауыш-білім бастауы » атты  онкүндігінің аясында 2022 жылының 24 қарашасында Макинск Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің базасында «Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеру мақсатында әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын іздеу» атты аудандық семинар өтті. Семинарда аталған мектептің мұғалімдері педагогикалық  шеберліктерін ортаға салып іс-тәжірибесімен бөлісті:  Биғалиева З.Ж. 4 А сыныбында жаратылыстану, 1Б бүлдіршіндерімен әліппе сабағын Кенжебаева А.Т., 2А сыныбында әдебиеттік оқу  Мубарак С., 3А оқушыларымен математика сабағын Айтуған Х. ,4Б сыныбында әдебиеттік оқу Айхожаева К.Б. ашық сабақтар өткізді,А.А.Ибраева әріптестеріне шебер сабақ  ұйымдастырды. Мұғалімдер ашық сабақтарында түрлі әдіс-тәсілдерді  тиімді пайдалана отырып оқушылардың қызығушылығын,ақыл-ойын,белсенділігін арттырып,ынталандыра білді. Семинарда 30-дан астам бастауыш мұғалімдері қатысты.Дөңгелек үстелде мектеп әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Маткенова Б.Қ.  онкүндік аясындағы өткізілген іс-шаралар жайлы баяндады. Аудандық әдістемелік кабинетінің бастауыш білім

бойынша әдіскері Г.Т.Джамбасова семинарды қорытындылап, алдағы тұрған жоспарлармен таныстырып өтті.  

Просмотров: 227


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст