«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«V облыстық джас педагогтар форумы»

12.12.2022

Ағымдағы жылдың 8-9 желтоқсан аралығында Көкшетау қаласында жас педагогтардың «V облыстық форумы» өтті. Ауданымыздың педагогтары мен әдіскерлері пленарлық отырысқа және тақырыптық секциялардың жұмысына қатысты. Іс-шараны Ақмола облысының білім басқармасы басшының м.а. В.Г.Гамазовтың қатысуымен ұйымдастырды, Макинск қ. «мектеп-гимназиясының» бастауыш сынып мұғалімі, «Үздік педагог» байқауының облыстық кезеңінің жүлдегері Азаматова Светлана Алексеевна 918900 теңге сомасына ақшалай сертификатпен және грамотамен марапатталды. АӘК әдіскері Артемьева Светлана Александровна жоғары кәсібилігі, шеберлігі және Ақмола облысының білім беруді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. І дәрежелі дипломмен Қараөзек ЖББМ педагог-психологы, «Талантты педагог-дарынды балаларға» байқауының облыстық кезеңінің жүлдегері Шагуан Ерболат марапатталды. II дәрежелі дипломмен Бұланды ауданының әдістемелік кабинеті «табыстың 10 қыры» байқауына қатысқаны үшін марапатталды. Форум ұйымдастырушыларына маңызды және нәтижелі іс-шара үшін Алғыс білдіреміз және педагогтарымызға нәтижелі жұмыс пен шығармашылық шабыт тілейміз.

Просмотров: 158


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст