«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Олимпиаданың жүлдегерлерін марапаттау

30.12.2022

5-6 сыныптар үшін пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау өтті. Облыстық кезеңге аудандық кезеңде бірінші орын алған 16 оқушы қатысты, олардың жетеуі екінші және үшінші орын алды. Қасымов Мұрат, математикадан 2 орын, Макинск қ. мектеп-гимназиясы; Тұрсынбек Ақниет, тарихтан 2 орын, Айнакөл ЖОББМ; Ережепов Санжар, тарихтан 3 орын, Макинск қ. мектеп-лицейі; Қасымжанқызы Арайлым, ағылшын тілінен 3 орын, Макинск қ. №2 ЖОББМ; Хутиева Елизавета, орыс тілі бойынша 3 орын, мектеп-гимназия, Альберг Ульяна, орыс тілі бойынша 3 орын, Журавлевка ЖОББМ, Балташева Жанель, жаратылыстану грамотасы, Партизанка ЖОББМ. Білім бөлімінің басшысы Жолдыгулова Алия Абдулвахитовна оқушыларды жоғары жетістіктерімен құттықтап, дипломдар мен сыйлықтар табыс етті. Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз және оларға табыс пен марапаттар тілейміз.

Просмотров: 296


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст