«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Байқау

23.01.2023

"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі" ММ - нің әдістемелік кабинеті жоспары негізінде 2023 жылдың 23 қаңтар күні «Макинск қ. ЖОББМ №2»«Тіл дарыны » байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтау, қолдау көзделеді. Барлық аудан мектептерінен 30 оқушы қатысты.
Байқау 8 тапсырмадан құрылған. Қатысушы оқушылар 3 тілде мақал- мәтелдердің жалғасын тауып айтады, қазақ халқының салт - дәстүрлері, танымал тұлғалар туралы берілген тапсырмаларға ауызша жауап береді. Диалог құрады, өз елі туралы ойларымен бөлісіп, 3 тілде өлең құрастырады, бір өлеңді мәнерлеп оқиды.
« Макинск қ. мектеп гимназия» 8 сынып оқушысы Кусаинова Диана Кенжебекқызы,«Қараөзек а. ЖОББМ» 9 сынып оқушысы Шанабаев Қуат Кеңесұлы,« Б.Шолақ атындағы мектеп- лицей» 10 сынып оқушысы Тулегенова Жұлдыздар 1-орын иеленіп, облыстық кезеңге өтті. Байқауға әділ қазылық жасаған ұстаздарға, байқаудың ұйымдастырылуына мүмкіндік жасаған 2 мектеп әкімшілігіне алғыс білдіреміз. АӘК - нің әдіскері Муса Маржангүл.

Просмотров: 265

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст