«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

08.01.2020

2020 жылғы 4-7 қаңтар аралығында Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен С.Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінің базасында 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білімнің беделін көтеру болып табылады.

15 оқушыдан тұратын Бұланды ауданының командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысты. Физика-математика бағытындағы екі оқушы Ақмола облыстық білім басқармасының грамоталарымен марапатталды:  Янченко Наталья, «Макинск мектеп-гимназиясы» 9-сынып және Кенжебаева Фарида «Б.Шолақ атындағы мектеп-лицей, 11-сынып. Информатика бойынша 3 дәрежелі дипломмен Задорожкин Владислав, КМУ «Макинск мектеп-гимназиясы, 9 сынып марапатталды. Прищиц Жанна, «Айнаколь орта мектебі»  11-сынып, орыс  тілінде оқытылатын сыныптарда қазақ тілінде І дәрежелі дипломмен марапатталды, Пришиц Жанна Ақмола облысының командасына қосылып, олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады. Қатысушыларымызға жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Просмотров: 350


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст