«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Аудандық "Бақытты балалық шақ" атты ән байқауы туралы ақпарат

14.04.2023

Аудандық "Бақытты балалық шақ" атты

ән байқауы туралы ақпарат

 

 

Байқау ұйымдастырушылар: "Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі" ММ,"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Макинск қаласының Балалар музыка мектебі" МКҚК

 

Мақсаты:

- вокалдық өнерді қолдау және дамыту, Қазақстанның жас композиторларының шығармашылығы танымал ету

 

Тапсырмалар:

- үздік шығармашылық балалар ұжымдары мен шығармашылық дарынды балаларды анықтау;

- орындаушылық шеберлік деңгейін арттыру;

- өскелең баланың музыкалық-эстетикалық талғамын қалыптастыру;

- музыка жетекшілер арасында тәжірибе алмасуы;

 

Аудандық "Бақытты балалық шақ" атты байқау фестивалі 2023 жылдың 12 сәуірінде сағат 10.00-де Макинск қаласының Балалар музыка мектебінің базасында өтті. Мектептің эл мекенжайына 66 өтінім келіп түсті. Бұлар Балдырған балабақшасының, Макинск қаласының Балалар музыка мектебінің, Макинск қаласы мен аудан ауылдарының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары мен тәрбиеленушілері. (Капитоновка, Жаңаталап, Қараөзек, Партизанка, Аққайың, Тоқтамыс, Вознесенка, Никольское, Тастыөзек, Алтынды, Алакөл) Конкурс үш жас санаты бойынша үш номинация бойынша өтті.

Номинациялар:

* Жеке орындауда ән айту, жас санаттары бойынша: 6-8 жас, 9-13 жас; 14-17 жас;

* Вокалдық ансамбльдер (дуэт, трио, ансамбльдер)

* Мұғалім оқушы

Қатысушылардың өнерін құрамдағы құрметті қазылар алқасы бағалады:

Бұланды ауданы бойынша аудандық білім бөлімінің әдіскері: Қаскеева Шынар Қайырбекқызы

Макинск қаласының Балалар музыка мектебінің Эстрадалық вокал педагогы Жигиреева Лариса Анатольевна

Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп лицейінің ән мұғалімі Айтуған Аманкелді.

 Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және жүлделі орындарға ие болғаны үшін Құрмет грамоталары табыс етілді.

Просмотров: 121


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст