«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«Орта білім берудің үздік ұйымы»

28.04.2023

 

Бұланды ауданында 2023 жылдың 5 мамырына дейін жалғасатын «Орта білім берудің үздік ұйымы» грантын тағайындау конкурсының аудандық кезеңі басталды. Конкурс гранттың белгіленген мөлшерімен және оны беру тәртібімен жыл сайын өткізіледі. Байқаудың екінші (облыстық) кезеңі 2023 жылдың 10 мамырынан 30 маусымына дейін өтеді. Конкурстың мақсаты-тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені жинақтау және тарату, ҚР-дағы орта білім беру жүйесінің даму үрдістерін анықтау. Сондай-ақ, байқау қаланың білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және жеке өсуін ынталандыруға мүмкіндік береді. Конкурсқа қатысуға барлық түрдегі мемлекеттік орта білім беру ұйымдары жіберіледі. Қазақстандық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және жоғары рейтингтік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қатысушыларды іріктеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығымен бекітілген Қағидаларда белгіленген критерийлер бойынша конкурстық комиссия жүзеге асырады.      Білім беру ұйымдарының қатысуы үшін конкурстық комиссияға белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды тапсырады:

1. конкурсқа қатысуға өтінім;

2. көрсетілген критерийлерге сәйкес тиісті материалдарды ұсыну.

    Конкурстық комиссияның шешімі әр деңгейде хаттамамен ресімделеді, оған дауыс беруге қатысқан Комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы және мүшелері қол қояды.

Просмотров: 622


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст