«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«Үздік білім беру ұйымы» байқауы

04.05.2023

2023 жыл 3 мамыр ауданда «Үздік білім беру ұйымы» байқауы өтті.  Конкурстың негізгі мақсаттары-тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтау, жинақтау және тарату. Бұл байқауға қатысу үшін ауданның 6 мектебі өтінім берді. Мектеп басшылығының презентациялық сөздерін Конкурстық комиссия келесі құрамда бағалады: К.Н.Исмагамбетова - аудан әкімінің орынбасары; Н.Б.Сексенов - аудандық мәслихат төрағасы;  Т.Р.Хожабай – «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы; А.Е.Аманжолова – «Бұланды Ақпарат» аудандық газетінің редакторы; А.А.Жолдыгулова - аудандық білім бөлімінің басшысы;  К.А.Байтемирова -білім беру қызметкерлері кәсіподақ төраға кеңесінің төрағасы; Ж.Ж.Алдабергенова - АӘК меңгерушісі; С.С.Маликова - білім бөлімінің әдіскері; Т.К.Нурмуканова - Б.Шолақ ат.мектеп-лицей мұғалімі; А.А.Тулебаев - білім бөлімінің бас маманы. Ұзақ талқылау және балдарды нақты есептеу нәтижесінде мектеп қызметін бағалаудың барлық критерийлері бойынша жүлделі орындардың иегерлері:

Бас жүлде- «Никольское ауылының №2 ЖОББМ»;

1 орын – «Макинск қаласының №1 ЖОББМ»;

2 орын- «Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей»;

3 орын- «Вознесенка ауылының ЖОББМ».

Просмотров: 886


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст