«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

2019 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есеп

20.02.2020

2019 ЖЫЛҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңнамасына сәйкес «Бұланды ауданының білім бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік мекеме 23 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

 1. «Қорғаншылық және қамқорлық туралы анықтама беру»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде  қызмет көрсетіледі.

2019 жылы ешқандай өтініш келіп түскен жоқ.

2. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде  қызмет көрсетіледі.

2019 жылы - 8 қызмет көрсетілді, оның ішінде 3  «электрондық үкімет» порталы арқылы, 5 қағаз түрінде.

3. «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (толық автоматтандырылған) қызмет көрсетіледі.

2019 жылы - 15 қызмет көрсетілді, оның ішінде 15 «электрондық үкімет» порталы арқылы.

4. «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде  қызмет көрсетіледі.

2019 жылы ешқандай өтініш келіп түскен жоқ.

5. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде  қызмет көрсетіледі.

2019 жылы  - 251 «электрондық үкімет» порталы арқылы қызмет көрсетілді.

6. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық(толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде  қызмет көрсетіледі.

2019 жылы білім беру ұйымдары арқылы 546 қызмет көрсетілді. Оның ішінде 241  «электрондық үкімет» порталы арқылы, 305 қағаз түрінде.

7. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны -  қағаз түрінде және электронды түрінде қызмет көрсетіледі.

2019 жылы білім беру ұйымдары арқылы 796 қызмет көрсетілді. Оның ішінде 409  «электрондық үкімет» порталы арқылы, 387 қағаз түрінде.

8.  «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны -  қағаз түрінде  қызмет көрсетіледі.

2019 жылы мемлекеттік орган арқылы 26 қызмет көрсетілді.

9. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны -  қағаз түрінде  қызмет көрсетіледі.

2019 жылы білім беру ұйымдары арқылы 426 қызмет көрсетілді.

10. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны -  қағаз түрінде және электронды түрінде қызмет көрсетіледі.

2019 жылы мемлекеттік орган арқылы 1057 қызмет көрсетілді.

11.  «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны -  Мемлекеттік корпорация қызмет көрсетіледі.

2019 жылы мемлекеттік корпорация арқылы 42 қызмет көрсетілді.

12. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны -  қағаз түрінде және электронды түрінде қызмет көрсетіледі.

2019 жылы  өтініш келіп түскен жоқ.

13. «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы
(жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау
»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электрондық (жартылай автоматтандырылған) және қағаз түрінде  қызмет көрсетіледі.

2019 жылы  - 12 қызмет көрсетілді, оның ішінде 6 «электрондық үкімет» порталы арқылы, 6 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілді.

14. " Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау "

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электрондық (жартылай автоматтандырылған)  түрінде  қызмет көрсетіледі.

2019 жылы «электронды үкімет» порталы арқылы 5 қызмет көрсетілді,

15. «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электрондық (жартылай автоматтандырылған) және қағаз түрінде  қызмет көрсетіледі.

2019 жылы - 3 қызмет «электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылды.

16. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электрондық (жартылай автоматтандырылған) және қағаз түрінде  қызмет көрсетіледі.

2019 жылы - 1 қызмет «электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылды.

17. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны -  мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсетіледі.

2019 жылы мемлекеттік корпорация арқылы 59  қызмет көрсетілді.

18. «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны -  мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсетіледі.

2019 жылы мемлекеттік корпорация арқылы 2 қызмет көрсетілді.

19. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының
педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға
біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан
өткізуге құжаттар қабылдау
»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны -  мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсетіледі.

2019 жылы  мемлекеттік корпорация арқылы 151 қызмет көрсетілді.

20. «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата- аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық түрінде  қызмет көрсетіледі.

2019 жылы ешқандай өтініш келіп түскен жоқ.

21. «Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (жартылай автоматтандырылған) және қағаз түрінде  қызмет көрсетіледі.

2019 жылы  - 9 қызмет көрсетілді, оның ішінде 5  «электрондық үкімет» порталы арқылы, 4 қағаз түрінде.

22. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арасында балалардың ауысуы немесе ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электрондық (жартылай автоматтандырылған) және қағаз түрінде  қызмет көрсетіледі.

2019 жылы электрондық үкімет» порталы арқылы 3 қызмет көрсетілді.

23. «Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау»

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электрондық (жартылай автоматтандырылған) және қағаз түрінде  қызмет көрсетіледі.

2019 жылы - 173 қызмет көрсетілді, оның ішінде 97  «электрондық үкімет» порталы арқылы, 76 қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат қоғамдық орындарда ақпараттық «Бұланды ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде орналасқан стендте және «Бұланды ақпарат» аудандық газетінде жарияланады. 2019 жылы 11 мақала жарияланды, 2 семинар өткізілді.

2019 жылы «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру» тақырыбында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктілігін арттыру курстары өткізілді, курсқа білім беру саласынан 5 маман қатысты.

2019 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін «Бұланды ауданының білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қызмет алушылардан шағымдар келіп түспеді.

Байланыс ақпараты:

Макинск қ., Лесная,  №7 көшесі, «Бұланды ауданының білім бөлімі» ММ , телефон нөмірлері 2-25-44.

Қабылдау күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін сағат жүргізіледі. Түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 390


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст