«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«ЖАСТАР» спартакиады

25.09.2023

 

2023 жылғы 21-22 қыркүйекте «ЖАСТАР» Спартакиадасы аясында Ақмола облысы Бұланды ауданының білім беру ұйымдары арасында 7-8 сынып оқушылары арасында футболдан аудандық жарыстар өтті. Жарысқа 6 команда – Б. Шолақ атындағы мектеп-лицей, мектеп-гимназия, Макинск қаласының №1 және №2 жалпы орта білім беретін мектептері, Аққайың ауылының мектебі және мектеп-лицей қатысты.

Ойын қорытындысы бойынша 3 орынды мектеп-гимназия командасы, 2 орынды Б.Шолақ атындағы мектеп – лицей иеленді, ал футболдан аудан чемпионы мектеп-лицей командасы атанды.

«Үздік шабуылшы» деп Сайлау Нурислам мектеп-лицейінің оқушысы, «Үздік қорғаушы» - Егоров Дмитрий (мектеп-гимназия) және «Үздік қақпашы» - Сембай Нұрдәулет (Б.Шолақ атындағы мектеп-лицей) танылды.

Жарыс қатысушыларына үлкен алғыс білдіреміз, жастарға сәттілік тілейміз, ал чемпиондарға облыста лайықты өнер көрсетіп, әрине, одан әрі жеңістер әкелсін!!!

 

Құрметпен,білім бөлімінің әдіскері К.А. Бакбергенов.

 

 

Просмотров: 646


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст