«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Облыстық спартакиада "Намыс"

09.10.2023

«Намыс» облыстық спартакиадасы аясында Щучинск қ. оқу-жаттығу орталығының базасында 2023 жылғы 3-5 қазан аралығында Ақмола облысының жас армияшылары арасында әскерилендірілген кросс бойынша жарыстар өткізілді. Жарысқа облыстың аудандары мен қалаларынан 16 үздік команда қатысты. Әрине, осы іс-шараға Тоқтамыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің құрамында ауданның жеңімпаз командасы қатысты.

Биатлон режимінде болған бағдарламаға 2 шақырымдық жүгіру, пневматикалық мылтықтан ату және қол гранаталарын лақтыру кірді. Жарыс қорытындысы бойынша Черненков Игорь, Какенов Әсет, Қабдулин Нұрали және Қожахметов Нұрбектен құралған Бұланды ауданының командасы лайықты жетінші орынға ие болды.

Тоқтамыс ауылы мектебінің АӘТД оқытушы-ұйымдастырушысы Дмитрий Павлович Лузгинге команданы дайындағаны үшін, сондай-ақ жарыста абыроймен өнер көрсетіп, Бұланды ауданының намысын қорғаған қатысушыларымызға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жастарға денсаулық, сәттілік және одан әрі жеңістерді тілейміз!

Құрметпен, білім бөлімінің әдіскері К.А. Бакбергенов.

Просмотров: 429


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст