«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Аудандық практикалық семинар

24.10.2023

   2023 жылдың 18-20 қазан аралығында Бұланды ауданының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Мәтіндегі ақпаратты түсіну,талдау және түсіндіру-оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту тәсілі ретінде» атты практикалық семинар өтті. Семинар  Ақмола облысы бойынша кәсіби даму институтының «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалының аға оқытушысы Сағындықова Гүлдана Мырзабекқызының басшылығымен және аудандық әдістемелік кабинетінің бастауыш білім жөніндегі әдіскері Гүлнара Төлегенқызы Джамбасовамен ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің мәтінмен жұмыс істеу барысында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру. Семинар аясында бастауыш білім мұғалімдері   Макинск мектеп-лицейдің,  Қараөзек орта мектебінің базасында оқу сауаттылығын арттыру бойынша тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып ашық  сабақтар,шебер-сыныптар арқылы іс-тәжірибелерімен бөлісті. 3 күннің шеңберінде өте ауқымды жұмыс жасалды, қатысушылардың қалдырған оң пікірлері семинардың жоғары деңгейде өткендігінің дәлелі. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табады.

Просмотров: 306


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст