«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«Үздік педагог»

02.11.2023

«Үздік педагог» атағын беру конкурсының облыстық кезеңі аяқталды

2023 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық жүйесінде «Үздік педагог» атағын беру конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Конкурсқа облыстың мемлекеттік білім беру ұйымдарының 30 педагогі қатысты.
Конкурсқа қатысушы педагогтер өздерінің конкурстық материалдарын министрліктің ақпараттық жүйесіне жүктеді. Оның ішінде педагогтің портфолиосы, бейнесабағы, «Озық педагогикалық тәжірибені трансляциялау» бейнеролигі және эссе бар.
Конкурстың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша келесі педагог жеңімпаз деп таңылып, республикалық кезеңге қатысу үшін жолданды:
Хасихан Енгилик, Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің, математика пәні мұғалімі. Құттықтаймыз және республикалық кезеңде жеңіс тілейміз!

(ӘК әдіскері С. А. Артемьева)

Просмотров: 527


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст