«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Халықаралық форум

21.11.2023

2023 жылдың 17 қарашасында Петропавл қаласында  «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығы: болашаққа қадам» тақырыбында  бастауыш сынып мұғалімдерінің   І Халықаралық форумы өтті. Форумның мақсаты:

Бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-педагогикалық шеберлігін жетілдіру арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелерінде заманауи тәсілдерді анықтау.

Пленарлық отырыс пен секция жұмысында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының мектепалды даярлық және бастауыш білім беру зертханасының меңгерушісі Таубай Пернегүл Таубайқызы қатысып,өзінің кіріспе сөзінде  форум тақырыбының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Форумда 500-ден астам қатысушы,Эстония,Қырғызстан,Беларусия,Ресей мемлекеттерінің педагогтері және республика бойынша өңірлерден тәжірибелі педагогтер,әдіскерлер қатысып,функционалды қалыптастыру жолында іс-тәжірибелерімен бөлісті.Ұйымдастырылған көрме,секциялық жұмыс  барысында бастауыш сынып педагогтері ғылыми-технологиялық жетістіктерін,зерттеулер мен білім беру практикасын ортаға салды.

Просмотров: 507


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст