«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Онлайн семинар-кеңесі

08.02.2024

Бұланды ауданының әдістемелік кабинеті 2024 жылдың 7 ақпанында «Дағдарыс жағдайында жасөспірімге көмек көрсетудегі ересектердің рөлі» атты аудандық онлайн семинар-кеңесін өткізді. Семинарға жалпы орта білім беру ұйымдарының аудан педагог-психологтары қатысты.

Мақсаты: Жасөспірімдік суицид проблемалары бойынша ата-аналарға профилактикалық көмек көрсету.

Міндеттері: Жасөспірімдердің суицидінің себептері, белгілері мен сипаты туралы ата-аналардың білімін кеңейту. Баламен қарым-қатынас туралы ойлануға және бағалауға мүмкіндік беру.

Семинарда жасөспірімдердің суицидінің себептері қарастырылды. Аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына қажетті нормативтік-құқықтық құжаттарды түсіндірді. Дағдарыс жағдайында жасөспірімге көмек көрсету бойынша түсіндірмелер жүргізді. «Қазіргі заманғы интернет-қауіптер мен балалар өміріне қауіп-қатерлер, әлеуметтік желілерде олардан қорғану тәсілдері» бойынша Жумабаева  Марфуга  Амангалиена, Айнаколь а, ЖОББМ педагог-психологы баяндап берді. «Причины подросткового суицида» жайлы Кахарманова Анастасия Юрьевна Воробьевка  негізгі орта мектебінің педагог-психологы мәлімдеді. Тургумбаева Жайнагул Рамазановна, Макинск қаласының №2 ЖОББМ педагог-психологы «Психологические аспекты буллинга и кибербуллинга в школе» өз баяндамасымен  таныстырды.  

Семинар соңында ұсыным қабылданды. Г.Р.Баитова АӘК әдіскері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 585


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст