«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Бастау» бастауыш сынып оқушыларының республикалық математикалық олимпиадасы

12.02.2024

Ақпанның 5-7 күндері  «Бастау» бастауыш сынып оқушыларының республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі Сандықтау ауданының «Жас дәурен» балалар лагерінде ұйымдастырылды. Бұланды ауданынан  2,3,4-ші сынып оқушыларынан  құралған  «Зерде» және «Жұлдыз» екі командақатысты,олар :Аманжол Бауыржан ,Макинск мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы, Нұрланбек Амина, Макинск мектеп-лицейінің 3 сынып оқушысы, Отарбай Темірлан,Макинск Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысы, Шерер Ксения,Макинск мектеп-гимназияның 4 сынып оқушысы,Пайзула Альнур,Никольск №2 ЖОББМ 3 сынып оқушысы, Глухова Арина , Макинск мектеп-гимназияның 2 сынып оқушысы.

     Оқушыларымыз олимпиадада математикалық қабілеттерін шыңдап, жоғары білімдерімен ерекшеленді.Қорытынды бойынша «Асық» атты жеке сайыста Отарбай Темірлан 1орын, мұғалімі Кенжебаева Айнагүл Төлегенқызы.Аманжол Бауыржан 3орын,мұғалімі Ахметжанова Қарлығаш Құттыбекқызы. «Жұлдыз» командасы 1 орынды жеңіп алды,яғни республикалық кезеңге жолдама алып Ақмола облысы атынан қатысады,олар Шерер Ксения ,мұғалімі Козина Татьяна Павловна,Пайзула Альнур,мұғалімі Магзаева Марина Юрьевна, Глухова Арина, мұғалімі Яковлева Лариса Алексеевна. Жеңімпаздар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Республикалық деңгейде де жеңімпаз атануын тілейміз.

Білім бөлімінің әдіскері Г.Т.Джамбасова

Просмотров: 677


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст