«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Облыстық М.Мақатаев пен І.Жансүгіров оқулары

15.03.2024

   Бұланды ауданының жалпы орта білім беретін мектептердің  7-11 сынып оқушылары арасында Республикалық Ілияс Жансүгіров пен Мұқағали Мақатаев оқуларының облыстық кезеңіне  Сандықтау ауданының «Жасдәурен» балалар сауықтыру лагерінде ұйымдастырылды. Бұланды ауданынан 6 оқушы қатысты. М.Мақатаев оқуларына қатысқандар: Кусаинова Диана –Макинск қ мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы және Ахметова Аяулым Қараөзек а ЖОББМ 8 сынып оқушысы. І.Жансүгіров оқулары «Ілияс - қарасөз шебері" номинация бойынша ІІ орынға ие болған  Қалымтаев Алпамыс- Б.Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы және «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап»- жас ақындар номинациясында ІІ орын Елешұлы Нұрғиса-Қараөзек ЖОББМ 8 сынып оқушысы.

Жүлделі ІІІ орынға ие болғандар: Тлеміс Аяулым- Макинск қаласының №2 ЖОББМ 10 сынып оқушысы. «Сұлу сөздің сүйелі»- шығарманың көркемдік құрылысын талдау номинациясында және Шабдарова Галия Партизанка ауылының ЖОББМ 8 сынып оқушысы «Заманның заңғар тұлғасы» буктрейлерлер номинациясында.

    Жеңімпаздарды құттықтаймыз , сондай-ақ барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және одан әрі жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

АӘК әдіскері Г.Баитова

 

 

Просмотров: 470


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст