«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Бұланды ауданынынң қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерімен 2024 жылдың 28 наурыз күні білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10-сыныптарда аралық аттестаттау бойынша отырысы өтті.

28.03.2024

Бұланды ауданынынң қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерімен 2024 жылдың 28 наурыз  күні білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10-сыныптарда аралық аттестаттау бойынша отырысы өтті. Аралық аттестаттау мақсаты - білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМББС) талаптарына сәйкес бағалау.

Әзірлеушілер тобы емтихан тапсырмаларын дайындап, бүгін сарапшылар тобы емтихан материалдарына сараптама жүргізілуде. Білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Қазақ тілі бойынша емтихан 125-бұйрықтың 35-тармағына сәйкес білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) деңгейінде академиялық жыл аяқталған кезде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі» және оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысанда өткізіледі.

     Сараптама тобының құрамына кіргендер:  Таутиева А.Х.,Никольск №1 ЖОББМ мұғілімі, Ахметжанова Қ.Х. Макинск қаласының мектеп-гимназиясы, Хасихан Елік № 2 ЖОББМ, Хасихан Самалхан Макинск қ Б.Шолақ атындағы мектеп-лицейі, Рахманова Г.Р.Макинск қ мектеп-лицейі, Куанышева Г. А. Макинск қаласының №1 ЖОББМ, Акимбаева Ш.Т. Макинск қаласының № 2 ЖОББМ мұғалімі.

Г.Баитова (АӘК әдіскері)

Просмотров: 334


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст