«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Аудан педагогтары қауымдастығының отырысының «Инновациялық технологиялар білім берудің сапасын арттырудың негізі»

29.03.2024

Аудан педагогтары қауымдастығының отырысының      «Инновациялық технологиялар білім берудің сапасын арттырудың негізі»

Бұланды ауданында 2024 жылы 27 наурызда аудан педагогтары қауымдастығының кезекті отырысы өтті. Жалпы әдістемелік отырыстың тақырыбы:«Инновациялық технологиялар білім берудің сапасын арттырудың негізі». Әдістемелік бірлестікке қазақ және орыс тілдерінде оқытатын қазақ тілі мен әдебиеті педагогтары, ағылшын тілі мен педагог-психологтар  қатысты. Отырысқа ауданның 86 педагогы педагогикалық шеберлікті, қызықты шеберлік сабақтарын көрсете отырып, тәжірибені жинақтап, белсенді қатысып өз тәжірибелерін ортаға салды. Педагогтер қауымдастығы басшылары: Рахманова Г.Р., Куанышева Г.А., Алябьева Е.А., Ханаева Л.К.     Қарастырылған мәселелер: 2023-2024 оқу жылының жартыжылдық жұмысының қорытындысы бойынша 3 тоқсанда қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі бойынша білім сапасына талдау жүргізілді. Шығармашылық есеп, тәжірибе алмасу, шеберлік сыныптары көрсетілді. Отырыс қорытындысы бойынша трениг өткізілді. Ауданның психологиялық қызмет секциясында психологиялық клубтың жұмысы, педагогикалық шеберлік жобасы қаралды, онда әрбір педагог-психолог жұмысты презентация түрінде ұсынды. Әр мұғалім сөйлеу барысында өзінің кәсіби шеберлігін көрсете білді. Отырыс соңында хаттамалық түрде шешім қабылданды және ұсынымдар берілді. Отырыс жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Г.Р.Баитова ( АӘК әдіскері).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 468


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст