Текст
Ақмола облысының білім басқармасы а.ж. 18 мамырда сағ. 11.00-14.00 аралығында әрбір білім беру ұйымы онлайн-форматта «Адалдық сағаты» республикалық акциясын өткізуі қажеттігін хабарлайды.
Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай республикалық акцияға «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбы айқындалды.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаменті youtube видеохостингінде оқушылар мен студенттерге арналған бейнеролик жариялады
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, республикалық акцияға білім беру ұйымдарының барлық оқушылары мен студенттерінің қатысуын қамтамасыз етуіңізді сұраймыз.