«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Ақмола облысы бөлім басқармасының басшысы Бұланды аудандық білім беру бөлімінің мамандарымен кездесті

21.05.2020

   Ақмола облысы бөлім басқармасының басшысы Жүсіпов Бейбіт Айтымұлы Бұланды аудандық білім беру бөлімінің мамандарымен кездесті. Әнгіме қашықтықта оқытуды ұйыдастыру және сонымен байланысты туындаған қиындықтар жайында өрбіді. Бүгінгі таңда отбасы аз қамтылған оқушылар 200 компьютермен қамтылған. Кездесу барысында облыстық оқыту-әдістемелік кабинетпен жұмыс бабы бойынша қарым-қатынас мәселелері талқыланып, аудандық әдіскерлерге үнемі әдістемелік қолдау көрсету туралы айтылды.

Сонымен қатар биылғы жылы "Алтын белгі " төс белгісін алатын түлектерді марапаттау рәсіміне дайындау мәселесі де тілге тиек етілді.

Өңірдің бас ұстазы  аудандық білім беру бөлімінің жұмыс жоспары талдамалы есеп негізінде жасалуы тиістігін ескертіп, сөз соңында бөлім мамандарына жұмысында сәттілік тіледі.

Просмотров: 331


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст