Макинск қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Қазақстан Республикасының Білім министрлігі аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында жыл сайын "Мектепке жол"республикалық акциясын өткізеді.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке даярлауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке баратын жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға зейіні мен шынайы қамқорлығын көрсете алады.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы 2024 жылғы 1 тамыздан бастап, аяқталуы- 2024 жылғы 30 қыркүйек.
Біздің ауданда осындай отбасылардан шыққан оқушылар бар, сондықтан өскелең ұрпақты оқыту проблемасына бей-жай қарамау керек, өмірлік қиын жағдайға тап болған кішкентай отандастарымызға көмектесе алатын әрбір адам мұны істеуі керек.
Сонымен қатар, аз қамтылған, мұқтаж отбасылардың проблемаларына бей-жай қарамайтын кәсіпкерлерді және барлық тұрғындарды ынтымақтастыққа шақырамыз.
Ақпарат алу үшін ауданның білім бөліміне телефон арқылы хабарласуғаболады 8(71646) 2-15-26, 8(71646)2-12-52.
Барлығы көмектесе алады!
Бұланды ауданы бойынша
білім бөлімі