«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

8 Наурызбен құттықтауы

07.03.2018

8 Наурызбен құттықтауы

 

Құрметті әріптестер!!!

Табиғат

тіршілігі көктемнен басталса, адамзат өз өмірінің бастауын – Анадан

алады. 

Сіздерді

көктемнің күн нұрын төккен шуақты мерекесі –   8 Наурыз – халықаралық

әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Елбасы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Әйел – ошағымыздың ұйытқысы, Отанымыздың

сақтаушысы, береке-бірлігіміздің алтын діңгегі, ұлттық мәдениетіміздің мәйегі»,

– деп үнемі қамқорлық көрсетіп келеді.  

Жер бетінде

әйелді ұлықтамайтын халық жоқ.

Бұл –

мейірімділік пен ізгіліктің, сұлулық пен жылулықтың мейрамы. 

Бір қолымен

әлемді, екінші қолымен бесікті тербеген нәзік жандар тәуелсіз Қазақстанның

жан-жақты қа­рыштап дамуына, әлемдік қоғамдастықта өзіндік орнын алуына барынша

атсалысып, аянбай тер төгіп келеді.

Ақ жаулықты

Аналарымыздың дәстүріне адал, өмірде – нәзік, ал істе – мығым әйелдер

қауымынсыз қоғамның даму үрдісін көзге елестету мүмкін емес.

Просмотров: 414


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст