«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» атты тілдер онкүндігі онлайн өтуде

11.09.2020

2020-2021 оқу жылында Бұланды ауданының мектептерінде  «Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» атты тілдер онкүндігі онлайн өтуде.

5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні деп бекітілді. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болдық.

Бұланды ауданының мектептерінде онлайн форматта - мерекелік көңіл-күй, тілдік атмосфера, музыка, өлең, поэтикалық шығармалар, қызықты тапсырмалар (сурет салу, эссе) көмегімен жасалып, оқушылардың суреттері мен бейнероликтері мектептің әлеуметтік желілерінде жариялануда.

Просмотров: 226


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст