«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Бұланды ауданының үздік педагогтары марапатталды

08.10.2020

Білім беру  саласын дамытуға  қосқан  зор үлестері,  жас  ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісіндегі  табыстары, кәсіби шеберліктері мен педагогикалық үрдістегі  жетістіктері үшін Бұланды ауданының педагогтары Мұғалімдер күні мерекесіне орай Білім және ғылым Министрлігінің Алғыс хаттарымен, облыс әкімінің алғыс хатымен, білім басқармасының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Аудандық білім бөлімінің басшысы А.Жолдығұлова ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап өзінің жүрек жарды жылы лебізін білдірді. Білім беру қызметкерлер кәсіподағының төрағасы Қ.Байтемірова бастауыш ұйымдардың төрағаларын грамоталармен марапаттап, сыйлықтар мен сауықтыру орталығына жолдамалар табыстады.

 

 

 

Просмотров: 234


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст