«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы жеңімпаздары анықталды

27.10.2020

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс бағыттарының бірі талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың инновациялық педагогикалық тәжірибесін қолдау болып табылады.

 «Педагог мәртебесі туралы» Заңның негізгі ережелерін орындау, академиялық еркіндікке, педагогикалық және ғылыми шығармашылыққа деген құқықтар мен кепілдіктерді жүзеге асыру мақсатында «Үздік авторлық бағдарлама» атты республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Ағымдағы жылғы 15-20 қазан аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында қашықтықтан өткізілген  конкурстың қорытынды кезеңіне қатысу үшін облыстық кезеңнің жеңімпаз мұғалімдерінің 27 авторлық жобасы жолданды.

Жолданған  жұмыстардың тақырыптары қабілетті және дарынды оқушылармен оқу және оқудан тыс іс-әрекетті жан-жақтан қамтыды.

 Қатысушылардың жобаларын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау унивеситетінің, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің профессорлық-оқытушылық құрамынан құрылған қазылар алқасы бағалады.

  Белсенді әдістемелік қолдаудың және жеңіске деген зор ұмтылыстың арқасында біздің мұғалімдер жақсы нәтижелер көрсетті:
І дәрежелі дипломдармен Ломачинская Лариса Владимировна, Дискаева Роза Ермековна (Бурабай ауданы), Корчагина Ольга Сергеевна (Степногорск қаласы);
ІІ дәрежелі дипломмен Луговская Татьяна Александровна (Бурабай ауданы);
ІІІ дәрежелі дипломмен № 2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі Макурина Елена Валентиновна марапатталды.
«Кәсіби шеберлігі үшін»  номинациясы бойынша  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің грамоталарымен келесі педагогтер марапатталды: Каскаева Ляззат Байсеркеевна (Жақсы ауданы), Саденова Гульнар Шоптибаевна (Көкшетау қаласы), Спиридониди Ольга Николаевна (Сандықтау ауданы), Даниярова Ботагоз Сатбековна (Бұланды ауданы).

Просмотров: 234


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст