«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Назарларыңызға конкурс!

29.10.2020

 

«Бұланды ауданының білім бөлімі» ММ директордың бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

- «Б.Шолақ атындағы мектеп-лицей» КММ Макинск қаласы, Яглинский көшесі, 19;

- «№5 Макинск орта мектебі» КММ, Макинск қаласы, Скуридин көшесі, 62/А;

- «Партизан ОМ» КММ (шағын жинақты мектеп), Партизанка ауылы, М. Маметова көшесі, 13;

- «Иванковка НМ» КММ (шағын жинақты мектеп), Иванковка ауылы, Степная көшесі,12. Бастауыш, негізгі және орта мектеп білімін оқытуды іске асырушылар.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, бастауыш, негізгі орта, орта, білім беру ұйымдары үшін: тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымында кемінде бір жыл өтілі; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар ЖОО оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).

Шағын жинақталған мектептер үшін: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы педагогикалық өтілі соңғы екі жыл; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).

Мектеп директорының лауазымдық міндеттері:

Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Педагогикалық және әдістемелік кеңестермен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді. Жалпыға бірдей оқыту Заңына сәйкес бекітілген учаске бойынша балаларды жалпыға міндетті оқытуды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

Мұғалімдер (педагогикалық) ұйымдарының, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, Еңбек және басқалар) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды. Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды белгіленген нормалардан төмен емес ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді. Оқу-білім беру процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде білім

беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады.

Нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуына жауап береді.

Педагог кадрларды және көмекші персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Қызметкерлерді аттестаттауды дайындауға қатысады. Еңбекте ерекше көзге түскен мұғалімдерді және білім беру ұйымының басқа да қызметкерлерін көтермелеуге және марапаттауға ұсынады, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.

Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

Лауазымдық жалақы мөлшері: бес жыл өтілі барларға-98 582 теңге.

Байқаудың өтетін күні мен уақыты қатысушыларға қосымша хабарланады.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Конкурсқа қатысу үшін осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартына сәйкес хабарландыру шыққан күннен бастап келесі құжаттар қабылданады:

- көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша - 2 (екі) жұмыс күні;

– көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес-7 (жеті) жұмыс күні.

Келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) осы Қағидаларға 3- қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі (ЖОО-ның өзіндік үлгісіндегі) құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

6) бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7)біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы, нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама);

9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (бар болса);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

13) Білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан кемінде жетпіс екі сағат өткенін растайтын құжат;

14) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелерін жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Өтініш беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды

ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Мемлекеттік мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындауды (бұдан әрі – конкурстық тағайындау) конкурс жариялаған білім беруді басқару органы жүзеге асырады және бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:

1) Конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар қабылдау;

3) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

4) заңнаманы және педагогика, психология негіздерін білуге арналған тестілеу (анықтама болған жағдайда талап етілмейді);

5) мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – Қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу);

6) кандидаттарды облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен келісу);

7) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Құжаттар осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартына сәйкес мерзімде қабылданады:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:

– көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша - 2 (екі) жұмыс күні;

– көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес-7 (жеті) жұмыс күні.

Мекен-жайы: Ақмола облысы, Бұланды ауданы , Макинск қаласы, Богембай батыр көшесі, 21/ «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының Бұланды бөлімі.

Анықтама телефоны: 8-71646-2-25-44(РҚБ қабылдау бөлмесі), 2-14-14(кадр бөлімі), 2-14-77 (ХҚКО).

Электрондық мекенжайы: bulandyroo@aqmoedu.gov.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 264


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст