«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

"Кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтың, қылмыстардың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу"

12.11.2020

11 қараша күні «Ақмола облысы Бұланды ауданының білім бөлімі» ММ басшысы А.Жолдыгулованың  төрағалығымен «Кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтың, қылмыстың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында БКБ өтті.

Жиналысқа Бұланды аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға учаскелік инспекторы, полиция подполковнигі Мұқамғалиев Талғат Аманжолұлы, ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы Абилькаирова Заира Гомаровна, білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар қатысты. Аталған іс-шараны өткізудің басты мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтан қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеу, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу болды.

Міндеттері:

1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу.

2.  Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.

Жиналысты қорытындылай келе, жоғарыда аталған бағыттар бойынша бірқатар жұмыстарды жүргізу үшін ұсыныстар мен ұсынымдар енгізілді.

-психологиялық-педагогикалық тексеру жүргізу үшін әдістемелік кешен қолдану, оның міндеттерінің бірі әлеуметтік бейімделмеген оқушыларды анықтау болып табылады;

- балалардың өз күштері мен мүмкіндіктеріне сенім ұялату;

- оптимизм мен үміт ояту;

- баланың мінез-құлқын бақылау, басқалармен қарым-қатынасын талдау.

- Директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары психологиялық қызмет жұмысының нәтижелілігіне бақылауды орындауы қажет.

* Жанжалдарды болдырмауға бағытталған балалар ұжымдарындағы оқушыларды психокоррекциялау және оңалту жөніндегі жұмыс жоспарларын бекіту. Ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыс жоспарларын жасау;

* Оқушылардың танымдық ынтасын қалыптастыру және аутодеструктивті мінез - құлықтың алдын алу мақсатында тиімді ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу жұмыстары тапсырылды.

 

Просмотров: 276


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст