«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Әдістемелік кеңес

17.11.2020

16.11.2020 жылы директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларының қатысуымен аудандық, қашықтықтан әдістемелік кеңес өтті. 2020-2021 оқу жылының 1 тоқсанындағы білім сапасының қорытындысы бойынша - білім бөлімінің әдіскерлері  Ш.К. Каскеева, Г. Т. Джамбасова, А. А. Тулебаев, С. А. Артемьева, Ж. Б. Бүркітбай сөз сөйледі. Өз жұмыс тәжірибесінен А.К. Куренбаева "Білім беру сапасын арттыру жолдары" баяндамасымен, Т. В. Лысенко «Развитие кадрового потенциала как ведущего фактора обеспечения качества образования» баяндамасымен, С. Р. Балпанова "Дарынды балалармен жұмыстың жүйесі" баяндамасымен, Е. С. Долженко, Т. П. Козина, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары «Системный подход в подготовке учащихся по научным проектам» баяндамасымен сөз сөйледі. Шешім: мектеп жұмысының басым бағыттарының бірі – оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша пән мұғалімдерінің қызметін жетілдіру болып белгіленсін; білім беру деңгейін, білім сапасын арттыруға бағытталған әкімшілік басқару деңгейін жетілдіру, әдістемелік жұмыстың тиімді нысандарын пайдалану; "Кунделик" электрондық журналын пайдалана отырып, негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім сапасына мониторингтік зерттеулер жүргізу; мектептегі білім сапасын басқару және мектепішілік бақылау жүйесін жетілдіру.

Просмотров: 227


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст