«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Білім бөлімінің басшысы А. Жолдыгулова білім беру ұйымдарының басшыларымен кезекті жұмыс кеңесі өтті

02.12.2020

Білім бөлімінің басшысы А. Жолдыгулова білім беру ұйымдарының басшыларымен кезекті жұмыс кеңесі өтті. Аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ж.Алдабергенова «2020-2021 оқу жылының 1 тоқсанындағы білім сапасын салыстырмалы талдау» тақырыбында баяндама жасады.  Білім бөлімінің әдіскері А.Тулебаев "Күнделік "электрондық журналын, ҰБДҚ, әлеуметтік желілерді, білім беру ұйымдарының сайттарын жүргізу туралы қашықтан оқыту мектептерінде "Онлайн-Мектеп" платформасын жүргізу мониторингі" туралы баяндамасын оқыды. Әдіскер Ковалева Э.К «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында кезекші және санаторлық топтардың жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады. Білім бөлімінің әдіскері Ш.Каскеева «Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау» тақырыбындағы баяндамасымен сөз сөйледі. Білім беру ұйымдарының басшыларына: мектеп жұмысының басым бағыттарының бірі – оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша пән мұғалімдерінің қызметін жетілдіру; білім деңгейін, білім сапасын арттыруға бағытталған әкімшілік басқару деңгейін жетілдіру, әдістемелік жұмыстың тиімді нысандарын пайдалану; "Кунделик" электрондық журналын пайдалана отырып, негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім сапасына мониторингтік зерттеулер жүргізу; мектептегі білім сапасын басқару және мектепішілік бақылау жүйесін жетілдіру тапсырылды.

Просмотров: 229


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст